ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН САҚТАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ТАПСЫРДЫ
Жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау шаралары қарастырылған Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс орындарындағы жарақаттанушылық деңгейін төмендету және қазақстандықтардың еңбек құқықтарын сақтау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Отырыс барысында ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Ә. Құсайынов, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС бас директоры Р.Ізмұханбет, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының әкімдері Ж.Түймебаев, Е.Тоғжанов және Б.Бақауов сөз сөйледі.
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев әкімдерге Еңбек тәуекелдері картасы аясында еңбек нарығындағы жағдайға тұрақты түрде мониторинг жүргізуді тапсырды. Қазақстанның әрбір өңірінде жұмыскерлерді жұмыстан босату бойынша болжамдар болуы керек, оған қоса онда жұмыстан босатылатындардың саны ғана емес, болжалды еңбекпен қамту орындары да ескерілуі тиіс. Сондай-ақ, еңбекақыны кідіртпей төлеу бойынша жұмыс жүргізу қажет.