ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ ТАРАЗДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ САЛДАРЫН ЖОЮДЫ ТАПСЫРДЫ
Бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысындағы төтенше жағдай салдарынан қайтыс болған отбасыларға барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.
Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев 30 мамырдағы таңертеңгі жағдай бойынша апатты қызметтер электрмен қамтудың толық қалпына келтіргенін, сондай-ақ қалада құлаған ағаштар мен қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын баяндады. Жағдай қазіргі уақытта бақылауға алынды.
«Қаланың үздіксіз тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін, әсіресе жарық беру және газбен қамту желілері бойынша барлық шараларды қолдану қажет. Бірінші кезекте, қайтыс болғандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетілуі тиіс», - деп тапсырды Б. Сағынтаев Жамбыл облысының әкіміне.
Еске салсақ, кеше Таразда өңірдегі соққан құйын салдарынан екі жұмысшы мен 14 жасар оқушы көз жұмды. Бұдан өзге, азаматтардың қатысуымен бірқатар қайғылы жағдай орын алды.
Жамбыл облысы ТЖД хабарламасы бойынша, облыс орталығында 18 м/с соққан дауылды желдің жылдамдығы екпінімен 27 м/с жетті. Құйын ағаштарды құлатып, электр желісін жұлып кетіп, қаланың бір бөлігі жарықсыз қалған.