Б.САҒЫНТАЕВ ҚР ЭКОНОМИКАСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ
Кеше Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында нарықты ырықтандыру, жекеменшік денсаулық сақтау ұйымдарының кедергілерін төмендету, инвестициялар тарту мен МЖӘ-ні дамыту, сонымен қатар салықтардың жиналуын ұлғайту мәселелері бойынша ҚР денсаулық сақтау, қаржы министрліктерінің іс-әрекеттері талқыланды.
Мемлекеттік комиссия отырысында қаралған барлық бағыттар еліміздің тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз етуге және Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында экономиканы жаңғыртуға бағдарланған.