ҮКІМЕТТЕ «ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ПАРКІ» АЭА ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев экономиканың шынайы секторына Индустрия 4.0 элементтерін енгізу аясында «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Кеңес барысында инвестициялар тарту, Астанадағы Стартап-хаб базасында IBM зертханасын ашу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, геологиялық машина жасау кластерінің жаңа жобалары мен Кремний алқабындағы «Инновациялық технологиялар паркі» өкілдігінің жұмысы қаралды.