БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ ЭКОНОМИКАНЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ

Отырыс барысында ҚР Үкіметінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту, технологиялық жаңарту және экономиканы, туризмді цифрландыру сияқты бағыттарын жаңғырту бойынша жұмыстарын жүйелеуге қатысты ақпарат және коммуникациялар, инвестициялар және даму, мәдениет және спорт министрліктерінің іс-әрекеттері талқыланды.
Мемлекеттік комиссия отырысында қаралған барлық бағыттар еліміздің тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз етуге және Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында экономиканы жаңғыртуға бағдарланған.