МИНИСТРЛІК РЕСЕЙДЕГІ АФРИКАЛЫҚ ШОШҚА ОБАСЫ ТУРАЛЫ ПІКІР БІЛДІРДІ
Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Төлеутай Рақымбеков Ресейдегі шошқаның африкалық обасының таралуына қатысты түсінік берді.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Оның сөзіне қарағанда, бұған дейін бұл індет Қазақстан аумағында ешқашан тіркелмеген. Осы орайда бұндай ауру таралған жағдайда халықаралық ұйымдар, оның ішінде халықаралық эпизоотиялық бюро барлық шекаралас мемлекеттерге дереу ақпарат таратады.
«Қазақстанға тиісті ақпарат дер кезінде хабарланды, сондықтан да Ресей Федерациясының аталған өңірлерімен мал шаруашылығы өнімдерімен алмасу тоқтатылады»,-деді Рақымбеков.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ресейдің Самара облысында аталған аурудың таралуы ошағы анықталған болатын.