ҚР ӘУЕ КЕҢІСТІГІН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Мемлекет басшысы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы ұлттық заңнаманы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттарымен үндестіруге, ұшулардың қауіпсіздігі мен авиация қызметін реттеудің тиімділігі деңгейін жоғарылатуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.