БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК ЖӨНІНДЕГІ САРАПТАМА КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ
Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында Мемлекеттік саясатты жетілдіру жөніндегі кеңес мүшелерінің шағын және орта бизнесті дамыту және цифрлық технологиялар саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру саласындағы ұсыныстары талқыланды.
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында Мемлекет басшысы стратегиялық мақсаттардың бірі 2050 жылға қарай шағын және орта бизнестің елдің ЖІӨ-не кем дегенде 50% деңгейде үлесін қамтамасыз ету болып табылатынын баса айтты.
Экономиканың мемлекеттік емес секторын дамыту және көлеңкелі экономика көздерін жою үшін жағдай жасау мәселесі бойынша өз пайымын отырыс барысында «Alina» Компаниялар Тобының Президенті Е.Балфанбаев ұсынды. Талқылау барысында Кеңес мүшелері сондай-ақ кедергілерді, оның ішінде елде бизнес жүргізу үшін әкімшілік кедергілерді жою, өткізудің сыртқы және ішкі нарықтарына, қаржы ресурстарына және инфрақұрылымға қолжетімділікті кеңейту бойынша бірқатар ұсыныстар жасады.
Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр Б.Сағынтаев Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменовке айтылған пікірлерді ескере отырып, елде бизнесті дамыту үшін кедергілерді жою бойынша ұсыныс беруді тапсырды.