ЕЛБАСЫ СУ ТАСҚЫНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТАПСЫРМА БЕРДІ
Мемлекет басшысы ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Ішкі істер министрі қылмыстық ахуал және жергілікті полиция қызметін одан әрі реформалау аясында қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады.
Бұдан бөлек, Қ.Қасымов су тасқынына байланысты ахуал және Астана мен республика облыстарында төтенше жағдайдың алдын алу бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы хабардар етті.
Нұрсұлтан Назарбаев елдегі қылмыспен күресті күшейту және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.
Сондай-ақ, Елбасы су тасқынынан зардап шеккен барлық өңірлердің жағдайы мен тіршілігін қалпына келтіру үшін кешенді іс-қимылдарды жүзеге асыруды тапсырды.