ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ СУДЬЯЛАРЫ БАТЫС АЙМАҚТЫҚ СУДЬЯЛАР СПАРТАКИАДАСЫНДА ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ
Атырау қаласындағы «Мұнайшы» орталық стадионында Қазақстан Республикасының Судьялар одағы VIII спартакиадасының Батыс аймақтық спартакиадасы өтті.
Тартысты додаға Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау облысы соттарының судьялары қатысты.
Әділдіктің жаршысы судьялардан құралған командалар мини-футбол, волейбол, үлкен теннис, бильярд, үстел теннисі, шахмат және дойбыдан бақ сынасты.
Шаршы алаңда әділ билердің спорттық ойындарының қорытындысы бойынша Қызылорда облысының командасы кіші футбол, волейболдан 1 орынды иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Бильярдтан 1 орынды Қызылорда облыстық сотының судьясы М.Ахметов, үлкен теннистен 1 орынды Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Абу Айбек қанжығаларына байлады.
Сонымен бірге, қыздар мен ерлер арасындағы шашкіден 2 орынды Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.Қосанов, 3 орынды Шиелі аудандық сотының судьясы Г.Құрманбай иеленді. Ал, үстел тенниссінен 2 орын Қызылорда мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Н.Еламанов, шахматтан 3 орын Қызылорда қалалық сотының судьясы Г.Мырзатаеваға бұйырды.
«Үздік ойыншы» номинациясымен үстел теннисінен Қазалы аудандық сотының судьясы Г.Тыныштықбаева, шахматтан Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.Қосанов марапатталды. Ал, Жалағаш аудандық сотының төрағасы А.Мизанбаев «үздік қақпашы» номинациясын иеленді.
Жалпы, мұндай спорттық іс-шаралар – сот қауымдастығы арасында ынтымақтастық пен ауызбіршілікті қалыптастыра отырып, салауатты өмір салтын құрудағы маңызды фактор болып табылатын дене шынықтыру мен спортты дамыту әрі дәріптеу болып табылады.
Біз жеңіс тұғырынан көрінген Қызылорда облысының командасын құттықтап, республика бойынша өтетін спартакиадаға сәттілік тілейміз.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі