АТЫРАУДАН БЕС МЕДАЛЬ АЛЫП КЕЛДІ
Қызылордалық спортшылар өткен демалыста Атырау қаласында өткен халықаралық Kazakhstan Open турнирінде таэквондодан 2008 жылғы Пекин олимпиадасының жүлдегері Арман Чилманов атындағы жүлдесінде жақсы көрсеткіш көрсетті.
Қызылордалық бапкер Николай Курноскиннің мәлімдеуінше, бұл турнирде Қазақстан құрамасы, Украина, Тәжікстан және Өзбекстан құрамаларынан барлығы 200-ден аса спортшы қатысқан.
Қызылода облысының таэквондошылары турнирден 2 алтын және күміс, 1 қола медаль алды. 49 келіге дейінгі салмақта әйелдер арасында Жазира Сапарбек қарсыластарынан басып озып, алтын жеңіп алды. Екінші жеңісті 63 келіге дейінгі салмақта юниор тобындағы Арал ауданының спортшысы Донес Садықов алып берді. Күміс жүлдені 80 келіге дейінгі салмақтағы спортшы Бағдат Әбдірахман және 57 келіге дейінгі салмақтағы спортшы Перизат Жұбанова алды. Ал қола медалін 67 келіге дейінгі салмақта шыққан спортшы Меруерт Көпболсыноваға бұйырды.
Айта кету керек, спортшыларды турнирлерге Николай Курноскин, Нұрлыбек Сухан, Мади Исмаилов, Руслан Тілеулиев, Марат Алдабергенов сынды бапкерлер дайындады.
Шынар БЕКБАН