ТИМУР СЕГІЗБАЕВТЫҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ
3-5 маусым аралығында Қызылорда қаласында КСРО спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тимур Сегізбаевтың жүлдесіне арналған футболдан 2002-2003 жылдары туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир аяқталды.
Биыл сегізінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Байқоңыр, Қызылорда қалалары мен аудандардан 11 команда қатысты. Турнир нәтижесінде Қазалы ауданының командасы көш бастаса, екінші орынды Сырдария ауданы, үшінші орынды Жаңақорған ауданының командалары иеленді. Жарыста «Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша Асылхан Айдарбай, «Үздік жартылай қорғаушы» Ернұр Дүйсенов, «Үздік шабуылшы» Азамат Айдар, «Үздік қақпашы» Нұрзат Қуандық, «Үздік ойыншы» Айдос Совет марапатталды.
Сондай-ақ, турнирде «Белсенді ойыншы» номинациясын иеленген Қазалы спорт клубының тәрбиеленушісі Наурызбек Құланбекке Т.Сегізбаевтың шәкірті, Сыр футболының түлегі, Қазақстанның құрметті спорт қайраткері Сұлтан Әбенов өзінің арнайы кубогын және Арал, Жалағаш аудандарының командаларына футбол доптарын табыс етті.