МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДАНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛУДА
Биыл 19-шы мәрте ұйымдастырылған облыс әкімінің жүлдесіне арналған спартакиадаға облыстық мемлекеттік мекемелерден 23 команда 1000-нан аса мемлекеттік қызметшілер спорттың 10 түрінен сынға түсуде.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, спартакиаданың ашылуында сөз алған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағдат Каленов пен облыстық спорт ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсыбек Егізбаев мемлекеттік қызметкерлерге сәттілік тіледі.
Спартакиада бағдарламасы бойынша алғашқы күнгі ойындардың нәтижесінде арқан тартудан 1-топта ішкі істер департаменті үздік шықса, білім басқармасы 2-орынды, төтенше жағдайлар департаменті 3-орынды иеленді. 2-топта салық департаментінің қызметкерлері өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді. Қалған орындарды қала әкімінің аппараты мен статистика департаменті бөлісті.
Пневматикалық мылтықпен ату сайысында 1-топта ұлттық қауіпсіздік комитеті жеңімпаз атанса, 2-орынды төтенше жағдайлар 3-орынды ішкі істер департаменттері еншіледі. 2-топта қала әкімінің аппараты қызметкерлерінің мерейі үстем болды. Облыс әкімі аппараты күміс жүлдені, салық департаменті қола жүлдеге қол жеткізді.
2400 м жүгіру сайысында 1-топта 2019 әскери бөлімінің қызметкерлері 1-орынды, төтенше жағдайлар 2-орынды, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері 3-орынды иеленді.
Ал екінші топта салық департаменті топ жарды. 7,5 ұпаймен облыс әкімі аппараты мен қалалық мәслихат қызметкерлері 2-3 орындарды алды.
Айта кету керек, спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері 3 қазан күні белгілі болады.
Шынар БЕКБАН