АЗИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҮШІНШІ "АЛТЫНЫ" ҚОРЖЫНДА
Қазақстандық мерген қыздар стендтік атудан Инчхонда өтіп жатқан 17-ші жазғы Азиада ойындарының жеңімпазы атанды.
Жалпы есепте 203 ұпай жинаған Анастасия Давыдова, Мария Дмитриенко және Оксана Середалар Қытай құрамасынан 4 ұпайға озып, жарыс жеңімпазы атанды. Ал, үздік үштікті 198 ұпай жинаған Солтүстік Кореяның қыздары қорытындылап отыр.
Қазақстан құрамасы үшін аталған жүлде 17-ші Азия ойындарындағы үшінші "алтын" медаль. Бұдан өзге қоржынымызда екі күміс пен алты қола медаль бар.