МЕРЕЙ МЕДЕТОВ БАЙДАРКА МЕН КАНОЭДЕ ЕСУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ
27-29 мамыр аралығында Чехияның Рачица қ. байдарка мен каноэде есуден өткен Әлем кубогының екінші кезеңінде қызылордалық Мерей Медетов күміс жүлдені иеленді. Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушісі Мерей 200 метр қашықтықта каноэ - екілік бәсекесінде 2-орынға ие болды. Ол ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР спартакиадасының жеңімпазы, Азия чемпионатының қола жүлдегері болып табылады. Бапкері: ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұхитдин Мейірбеков.
Айта кетейік, 20-22 мамырда байдарка мен каноэде есуден Дуйсбургте (Германия) өткен Әлем кубогының бірінші кезеңінде Мерей 4-орынды еншілеген болатын. Енді ол Белоруссияға, Чехияға оқу-жаттығу жиынына барады.