ЗУЛЬФИЯ ЧИНШАНЛО АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕСІН АЛДЫ
Лондон олимпиадасының чемпионы, зілтемірші Зульфия Чиншанло Азия ойындарында күмісті қанағат тұтты. Бұл бәсекеде Тайпей спортшысы Сюй Шуцзин қазақстандықтың алдын орады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Зульфия Чиншанло Инчхонда өткен Азия ойындарында 53 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, күміс медальді олжалады. Бұл бәсекеде Тайпей атлеті Сюй Шуцзин тұғыр биігіне көтерілді. Дегенмен, Чиншанло осы жолы серпи көтеруде өз рекордын жаңартты.
Естеріңізге саламыз, бұл байрақты бәсекеге жерлесіміз жастар арасындағы Азия чемпионы Алмас Өтешов те қатысуда. Сыр елінің зілтеміршісі 25 қыркүйек күні жарысқа түсетін болады.
Фариза ОМАРОВА