ҚЫЗЫЛОРДАДА ГАНДБОЛДАН СУПЕР ЛИГА ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ
Қызылордада гандболдан әйелдер арасында Қазақстан чемпионатының супер лига ойындарының 5-ші туры басталды, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басөармасының баспасөз қызметі.
Оған Алматы облысының «Іле», Өскеменнің «Алтай», Астананың №5 ОРМБЖМ, «Алматы» және Қызылорданың «Сейхун»-КАМ-ҚМУ командалары қатысуда. Біріншілік 18-23 мамыр аралығында өткізіледі.
Жарыстың алғашқы күнінде жерлестеріміз Астананың №5 ОРМБЖМ командасын 33:18 есебімен тізе бүктірді. Ал «Іле» «Алтайды» жеңді. Есеп 31:14. Қызылордалық қыздар ертең, 19 мамырда «Іле» клубымен күш сынасады.
Жарыстың соңғы туры 7-14 маусымда Алматы қаласында өтеді.