МҰНАЙШЫЛАРДЫҢ ІІІ СПАРТАКИАДАСЫ АШЫЛДЫ
22 қыркүйек күні «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» АҚ-ның 10 жылдығына арналған мұнайшылар арасындағы ІІІ дәстүрлі спартакиаданың ашылу салтанаты өтті. Мұнайшылар 11 спорт түрінен өзара мықтыны анықтайтын болады.
Айта кетейік, спартакиада үшінші мәрте жалауы желбіреп отыр. Алғашқысы Астана қаласында, екіншісі Жаңаөзенде өткізілген болатын.
Жарысқа қатысушыларды облыс әкімі Қырымбек Көшербаев құттықтап, сәттілік тіледі.
- Елбасы қашанда бұқаралық спортты дамытуға аса көңіл бөліп, барынша қолдау жасап келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біздің аймағымызда да спортты дамытуға қолдау жасалып, жылдан жылға спорттық шаралар көптеп ұйымдастырылып, жаңадан спорттық нысандар бой көтеруде. Облыстың, сонымен қатар республика экономикасының дамуына ғана емес, спорттың да өркендеуіне үлес қосып отырған өңіріміздегі мұнай компанияларының рөлі маңызды. Спорт бәсекесінде тек мықтылар жеңіске жетсін, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Мұнай компанияларының басшылары да дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан спартакиаданың сәтті өтуіне ақжарма тілектерін жеткізді.
Салтанатты шара Қазақстан эстрада жұлдыздарының ән кешімен жалғасты.