МАРИНА ВОЛЬНОВА: ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚЫЗДАРЫМЫЗҒА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ
Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Марина Вольнова жанкүйерлерді Астанада өтетін әлемдік бокс чемпионатын тамашалауға шақырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі ҚР бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Әлем чемпионатында біздің бұрымды боксшылар олимпиада лицензиясы және жүлделі орындар үшін ел намысын қорғайды. Осы орайда баршаларыңызды Барыс-Аренадағы аламанды тамашалауға шақырамын. Бұл біздің боксшы қыздарымыздың қаншалықты әлеуметті екенін дәлелдейтін сын болмақ. Сондықтан жанкүйер болып, жерлестерімізді жеңіс тұғырынан көрінуі үшін қолдау көрсетейік», дейді Марина Вольнова.
Астанада өтетін төрткүл дүние көз тіккен былғары қолғап шеберлерінің бәсекесінде биыл Рио-де Жанейро қаласында өтетін ХХХІ жазғы олимпиада ойындарына 51, 60, 75 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінің әрқайсысында төрт жолдама сарапқа салынады. Әлем чемпионаты мамырдың 19 күні басталып, 27 мамырға дейін жалғасады.
Жаһандық доданың құрметті қонақтарының арасында АИБА президенті доктор Чинг-Куо Ву мырза мен Халықаралық Олимпиада комитетінің әйел өкілдері бар. Кезекті чемпионатқа әлемнің әр түкпірінен 300-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Қазіргі таңда АҚШ, Финляндия, Венесуэла, Ұлыбритания секілді елдің бокстан әйелдер құрамасы Астанаға табан тіреп, жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.