СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ВЕЛОШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бұқаралық спортты дамыту мақсатында Сырдария ауданында велошеру өтті. Бұл жөнінде Seykhuninfo.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Салауатты өмір салтын ұстану бағытындағы игі шараны аудан әкімі, "Нұр Отан" партиясының Сырдария аудандық филиал төрағасы Ғани Қазантаев өзі бастап, аудан орталығынан Қалжан ахун ауылына дейінгі 7 шақырымды жүріп өтті. Велошеруге аудандағы бөлім басшылары, қызметкерлер, аудан тұрғындары бір кісідей қатысты. Велошеруде аудан әкімі Ғ.Қазантаев сөз сөйлеп, велошерушілерге сәттілік тіледі.