ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОЖАРЫС
Қызылордада Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін атап өтуге арналған 71 шақырымға веложарысты /велосипед тебу жарысын/ Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің қызметкері азаматтық қорғау майоры Өндірей Жандәулет ұйымдастырды.
Веложарыс Шиелі жолымен Көкжиде ауылынан басталып, «Мәңгілік алау» ескерткішінде мәреге жетті.
Азаматтық қорғау қызметкерлерімен бірге «КАМ» ЖШС қызметкері Қуаныш Сыздықов, облыстық әкімшіліктің бағдарламашысы Юрий Кожушный, «Заң ЗАҢҒАР» компаниясының президенті Рауан Есбергенов, 70 жастағы зейнеткер Ким Александр қатысты.
«Неге, мен веложарыс ұйымдастырып отырмын? Бұл менің соғысқа қатысқан, біздің бейбітшілік үшін, біздің еліміз үшін өз өмірін қиған адамдарға құрметім, - дейді Өндірей Жандәулет.
Веложарыстың тағы бір мақсаты, салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі