ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЕЛАМАН АЮП ТАЙПЕЙДЕ ӨТЕТІН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Шымкент қаласында грек-рим күресінен 1999-2000 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті.
Аталмыш жарыста қазалылық Еламан Аюп 85 келі салмақта күміс жүлдені иеленіп, маусым айында Тайпейде (Қытай) өтетін Азия чемпионатына жолдама алды. Ж.Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат спортшысы Ғалымбек Нұрғали 69 келі салмақта қола жүлдені еншіледі.
Спортшыларды жарысқа Қанат Көбегенов және Нұрталап Лекеров дайындады.
Спортшыларды жарысқа Қанат Көбегенов және Нұрталап Лекеров дайындады.