ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫ ШЕРХАН МАҚСҰТ ҚОЛ КҮРЕСІНЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Қызылордалық Шерхан Мақсұт қол күресінен 25-27 сәуір күндері Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатында алтын медальді иеленіп, Әнұранымызды шырқатты. Ол 75 келі салмақ дәрежесінде жасөспірімдер арасында сынға түсті.
Үстіміздегі жылдың наурыз айында Өскеменде қол күресінен өткен Қазақстан чемпионатында Шерхан 1-орынды иеленіп, осы Азия чемпионатына жолдама алған болатын. Ол алдына қойған мақсатын орындап, ел үмітін ақтады.
Жаңақорғандық жас спортшының бапкері – Шыңғыс Азынабаев.
Жаңақорғандық жас спортшының бапкері – Шыңғыс Азынабаев.