МАРАТ САТЫБАЛДИЕВТІҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ВЕЛОЖАРЫС АЯҚТАЛДЫ
Қызылорда қаласында велоспорттан қазақтан шыққан тұңғыш Әлем чемпионы, КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері Марат Сатыбалдиевтің жүлдесі үшін жасөспірімдер арасында республикалық көпкүндік веложарыс аяқталды.
Биыл жетінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа еліміздің 10 облысынан 17 команда, 150-ге жуық спортшы қатысты. Жарыста «Ең жас велошабандоз» номинациясы бойынша қызылордалық Бауыржан Жаппар, «Ең белсенді велошабандоз» Глеб Брусенский (Талдықорған қ.), «Жеңіске деген ынтасы үшін» Никита Титов (БҚО) марапатталды.
Бес күнге созылған веложарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар белгілі болды. Арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бес күнге созылған веложарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар белгілі болды. Арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.