МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА
22 қыркүйек – 3 қазан аралығында Қызылорда қаласында облыс әкімінің жүлдесіне арналған XIХ дәстүрлі мемлекеттік және ведомство қызметшілер арасында спартакиада басталады. Дәстүрлі спартакиада спорттың 10 түрінен: арқан тарту, пневматикалық мылтықпен ату, 2400 м. жүгіру, шахмат, тоғызқұмалақ, шағын футбол, үстел теннисі, бильярд, эстафеталық жүгіру (4х100) және волейбол ойындарынан ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Жарысқа мемлекеттік мекемелерден 23 команда, 1000-нан аса мемлекеттік қызметшілер қатысады.
Облыс әкімінің жүлдесіне арналған дәстүрлі мемлекеттік және ведомство қызметшілері арасында спартакиада 1995 жылдың жаз айында бірінші рет Қызылорда қаласында бастау алып, дәстүрлі спартакиада бүгінде 19-шы мәрте ұйымдастырылып отыр.
Спорттың әр түрінен жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының естелік сыйлықтарымен, дипломдарымен марапатталады. Ал жалпы есепте жеңіске ие болған командаларға ауыспалы кубок, дипломдар табысталады.