БАЙҚОҢЫРЛЫҚ ҚУАНЫШБАЙ ТӨЛЕГЕНОВ ЗІЛТЕМІРДІ ЖАТЫП СЫҒЫМДАП КӨТЕРУДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Данияның Родби қаласындазілтемірді жатып сығымдап көтеруден жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі бәсекеде 66 келі салмақ дәрежесіне дейін сынға түскен Қуанышбай Төлегенов еліміздің намысын қорғап, Әнұранын шырқатты.
Ол 165 келі зілтемірді көтеріп, биыл екінші мәрте Әлем чемпионы атанды.
Қуанышбай енді мамыр айында классикалық жатып сығымдап көтеруден өтетін Әлем чемпионатына дайындалады. Оны жарысқа пауэрлифтингтен және жатып сығымдап көтеруден жаттықтырушы Файзулла Идрисов дайындады.