ЕЛАМАН ЕРҒАЛИЕВ «СЫР БАРЫСЫ» АТАНДЫ
Қызылорда қаласы «Евразия» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» сайысының ақтық кезеңі мәресіне жетті. Биыл жетінші мәрте ұйымдастырылған айтулы бәсеке жанкүйерлер қауымының қызыға тамашалаған шарасына айналды.
«Алтын белбеу» жарысы айдан астам уақытқа созылды. Боз кілемдегі балуандар үш кезең бойынша төрт жас деңгейінде сынға түсті. «Алтын белбеу» жарысы тартысты өтті.
Жарыста кіші жасөспірімдер арасында Жалағаш ауданының спортшылары жақсы қырынан таныла білді. Ал жасөспірімдер арасында Арал ауданы мен Қызылорда қаласының жеткіншектері өздерінің мықтылықтарын байқатты. Жастар мен ересектер арасында Қармақшы ауданы, Қызылорда қаласының палуандары да бірнеше жүлдеге қол жеткізді.
Түйе палуан сайысына 19 спортшы қатысты. Олардың арасында қармақшылық Еламан Ерғалиев «Сыр Барысы» атанды. Оған «Алтын белбеу» белдігі мен 1 млн 300 мың теңгенің сертификаты табысталды. «Сыр Арланы» титулын иеленген жалағаштық Руслан Әбдіразақовқа 700 мың теңгенің сертификаты берілсе, «Сыр Сұңқары» - аралдық Нұрым Сәлімгереевке 400 мың теңгенің сертификаты табысталды.
Айта кету керек, 3 шілде күні Астана қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне Қызылорда облысынан Е.Ерғалиев пен Р.Әбдіразақов облыс намысын қорғайтын болады.