ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПАУЭРЛИФТИНГШІЛЕР ЕЛ КУБОГЫ МЕН ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖАҚСЫ ӨНЕР КӨРСЕТТІ
Алматы облысы Талдықорған қаласында пауэрлифтингтен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өткен Қазақстан кубогы мен чемпионатында жерлестеріміз 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль олжалап, жүлделі оралды.
Ел кубогында сынға түскен Айбек Әбжан 65 келіде жеңімпаз атанып, Қазақстан рекордын жаңартты. 54 келіде Ерболат Әлімбетов кубоктың алтын медалін иеленсе, 45 келіде Алтынкүл Иманбаева- күміс, 86 келіде Ләззат Жақыпова - қола жүлделерге қол жеткізді. Ал жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында бақ сынаған Қуаныш Әлиасқаров 49 келіде 3-орынға ие болды.
Спортшыларды жарысқа Бахытбек Рысбаев дайындады.
Спортшыларды жарысқа Бахытбек Рысбаев дайындады.