«ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫНА» ҚАТЫСАТЫН БАЛУАН АНЫҚТАЛАДЫ
30 сәуір күні Қызылордадағы «Евразия» спорт кешенінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» ақтық сайысы басталады. Оған Қызылорда қаласы мен аудандардан 8 команда қатысады.
Қазақ күресінен «Түйе палуан» атанған спортшы «Сыр Барысы» атағын иеленіп, оған «Алтын белбеу» тағылады. Іріктелген спортшылар 3 шілдеде Астана қаласында өтетін«Қазақстан барысы» турнирінде ҚР Президенті жүлдесін сарапқа салады.
Жарыс соңында жанкүйерлерге арналған бағалы жүлделерімен ұтыс ойындары ойнатылады. (Лотерея билеті тегін).
Жарыс соңында жанкүйерлерге арналған бағалы жүлделерімен ұтыс ойындары ойнатылады. (Лотерея билеті тегін).