ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАРАЛИМПИАДАШЫЛАРЫ ҚЫТАЙДА «АЛТЫН» МЕН «КҮМІС» ОЛЖАЛАДЫ
Бейжіңде жеңіл атлетикадан Қытайдың ашық чемпионаты – «Гран При МПК-2016» аяқталды. Жарыста 21 елден 200-ден аса спортшы бақ сынаған, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазақстанның паралимпиада құрамасын 6 жеңіл атлет таныстырды. Олар: Мақжан Нұрлыбаев, Сергей Харламов, Ислам Салимов, Аманат Қалқаев, Алексей Лукутин, Павел Сидорчук.
Қазақстандықтар арасында Ислам Салимов көзі нашар көретіндер арасында алтын медаль жеңіп алды. 400 метрді 53,86 секунд ішінде жүгіріп шыққан Ислам Жапония, Вьетнам және Тайпей атлеттерін қапы қалдырды.
Ұзындыққа секіруден 5.29 метр нәтиже көрсеткен Аманат Қалқаев құрама қоржынын күміс жүлдемен толықтырды, деп мәлімдеді Ұлттық Паралимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.