РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының спорт кешенінде Қазақстан Республикасы құқық қорғау, арнайы және күш құрылымдары арасында шағын футболдан V жазғы салалық спартакиада жеңісті мәресіне жетті. Құқық қорғау құрылымдары қызметкерлерінің арасында салауатты өмір салтын дәріптей отырып, олардың жеңіске деген ұмтылысын, ерік-жігері мен қажыр-қайратын танытуды мақсат еткен спорттық бәсеке үздіктердің үздігін анықтауға мүмкіндік берді.
Үш күнге созылған республикалық жарыс барысында ерекше спорттық шеберліктері мен командалық бірлікті көрсете білген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрама командасы жарыс жеңімпаздары атанып, І орынды иеленді. Жүлделі ІІ орынды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі командасы қанжығасына байласа, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының командасы ІІІ орынға жайғасып, жарыстың қола жүлдегерлері атанды.
Жарыс шеңберінде жылдамдық пен ұшқырлықты, қайсарлық пен қайраттылықты, сәттілік пен сәйкестікті ұштастыра білген спортшылар арнайы аталымдар бойынша марапатталды. «Үздік шабуылшы» аталымы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі командасының ойыншысы Сағындықов Данияр, «Үздік қорғаушы» аталымы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы командасының ойыншысы Машкалов Мақсат, «Үздік қақпашы» аталымы бойынша ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі командасының ойыншысы Ақтаев Арман марапатталды.
Сондай-ақ, шара барысында жарыстың жоғары деңгейде өтуіне ат салысып, әділ төрелік еткен теңбіл доп төрешілері де марапатталып, құрмет биігінен көрінді.
Шағын футболдан өткен республикалық турнирдің жабылу салтанатында ҚР «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы Орталық кеңесі спорт басқармасының бастығы, ҚР ІІМ үздік қызметкері полиция полковнигі Князев Николай Дмитриевич сөз алып, үздік ойын өрнегін көрсеткен спортшыларға, Сыр топырағында өткен ала доп аламанының жоғары деңгейде өтуіне ат салысқаны үшін ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, аталмыш турнирлер әлі де ұйымдастырыла беретінін жеткізді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі