А.ӨТЕШОВ ПЕН Ж.ҚЫДЫРБАЕВ РИО ОЛИМПИАДАСЫНАН ШЕТТЕТІЛДІ
Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаев Рио олимпиадасына бармайды. Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.
Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын іске асырудың алды ала қорытындыларына арналған халықаралық конференция аясында БАҚ өкілдерінің допингпен ұсталған спортшыларға шара қолданыла ма, деген сауалына жауап берген министр: «Әрине, қолданылады. Біз мұндай дауға іліккен спортшыларды жарыстан алып жатырмыз. Мәселен, бір ауыр атлет қызымыз өмір бойына спорттан шеттетілді. Біз бұған қатаң қарауымыз керек», - деді ол.
Бұған қоса ол, Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаевқа да шара қолданылғанын, оның бірі 1 жылға, екіншісі 2 жылға спорттан шететілгендігін атап айтты. Демек, бұл спортшыларымыз алдағы Рио олимпиадасынан шеттетілген.
Сонымен қатар А.Мұхамедиұлы Олимпиада жеңімпазы атанған спортшыларға берілетін сыйақы көлемі өзгеріссіз қалатындығын атап өтті.
«Бізде Үкіметтің бекітілген қаражаты бар. Бірінші орынға 250 мың, екінші орынға 150 мың, үшінші орынға 75 мың доллар беріледі. Бұл нақты үкіметтен бөлінетін қаржы. Мұнан бөлек, өздеріңіз білетіндей, әрбір федерация, облыстар өз деңгейінде спортшыларға құрмет көрсетіп жатады. Менің ойымша, біздің жеңімпаздарға берілетін ақшалай сыйлық дүниежүзіндегі ең көлемді сыйлықтардың бірі», - деді ол.