ЕЛ БІРІНШІЛІГІНДЕГІ ЕКІНШІ ЖЕҢІС
Қызылорда облысының басты футбол командасы Бірінші лига клубтары арасындағы ел біріншілігінде екінші рет жеңіс тұғырынан көрінді. «Қайсар» астаналық «Бәйтеректен» 0:3 есебімен басым түсті.
Матч басталысымен «Бәйтерек» футболшысы айып алаңында қолмен ойнағаны үшін кездесу төрешісі болат Сариев алаң қожайындарына 11 метрлік айып добысн белгіледі. Бұл мүмкіндікті «қасқырлық» Думан Нарзильдаев сәтті пайдаланды, жеңіс – біздің жақта, есеп – 0:1.
Үзілісте Сұлтан Әбілдаев бірнеше ауыстыру жасады. Алаңға шыққан Алтынбеков 48-минутта алғашқы голын соқты. Бәйтеректіктердің шамасы қалмаған еді. Соңында қызылордалықтар тағы бір гол соқты. Оның авторы – Руслан Сақалбаев. Ойын соңына дейін осы есеп сақталды.
«Қайсар» турнир кестесінде енді бірінші орында. Әрине, қарсыластарымыздың еншісінде әлі де ойын бар. 23 сәуірде «Қызылжар СК» оңтүстікқазақстандық «Мақтааралмен» ойнаса, «Шахтер-Болат» өз алаңында «Алтайды» қабылдайды. Ал «Байқоңыр» командасы «Қыранмен» кездеседі.