ҚЫЗЫЛОРДАДА АРАЛАС ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛАДЫ
Үстіміздегі жылдың 23 сәуір күні «Евразия» спорт кешенінде аралас жекпе-жектен «Жаужүрек алаш ұрпағы» халықаралық турнирі өтеді. Биылғы жылы үшінші мәрте ұйымдастырылатын турнирге Қазақстан құрама командасының спортшыларымен қатар, Ресей, Греция, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан жекпе-жек өнерінің шеберлері бақ сынасады.
22 сәуір сағ.15.00-де студенттер сарайында әскери самбодан 3 дүркін Әлем чемпионы Арман Оспанов, One FC-дан Әлем чемпионы Қайрат Ахметов сынды спортшылардың қатысуымен баспасөз-мәслихаты, содан кейін жарысқа қатысушылардың салмақ өлшеу рәсімі өтеді.
Турнирдің басталуы 23 сәуір сағ.19.30-да «Евразия» спорт кешенінде.
Дүбірлі бәсекені «KAZsport» және «Матч! Боец» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Тартысты доданы жіберіп алмаңыздар! Қалыс қалмаңыздар!