ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КҮШ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының спорт кешенінде Қазақстан Республикасы құқық қорғау, арнайы және күш құрылымдары арасында шағын футболдан республикалық біріншілік басталды. Аталмыш ауқымды жарыстың басты мақсаты – құқық қорғау құрылымдары қызметкерлерінің арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, қызметкерлердің дене шынықтыру дайындығын жоғары деңгейде ұстауын қамтамасыз ете отырып, спорттық даярлығын көтеру болып табылады.
Спорттық додаға Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР Мамандандырылған күзет қызметі, ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі, ҚР Ұлттық Ұланының командаларынан құралған барлығы 9 құрама команда қатысты.
Бүгін жарыстың шымылдырығы салтанатты түрде түріліп, алғашқы күні-ақ жарыс жолына 8 команда түсті. Құқық қорғау қызметкерлерінің футболдан шеберліктерін саралап қана қоймай, олардың арасындағы бірлікті, командалық қолдауды нығайтуды мақсат тұтқан бұл спорттық кездесу өте тартысты өтті. Спорттық бәсекенің қорытындысы бойынша ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар департаменті ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі командасымен бақ сынасып, 1-3 есебімен есе жіберіп қойса, ҚР Ішкі істер министрлігі құрамасы Ұлттық ұлан командасымен кездесіп, 9-5 есебімен басым түсті. Сондай-ақ, жарыс алаңында Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің командасы Мемлекеттік күзет қызметі командасымен кездесіп, 0-1 есебімен жеңіліс тапса, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР Бас прокуратурасы құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, нәтижесінде 2-1 есебімен жеңіске жетті.
Аталмыш спорттық дода сәуір айының 22-не дейін жалғасады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі