ҚАЗАҚСТАНДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ БЕЛСЕНДІ ДАМЫП КЕЛЕДІ
Қазақстанда ұлттық спорт түрлері тұрақты дамып келеді, деп мәлімдеді ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
«Статистиканы талдау ұлттық спорт түрлерінің тұрақты дамуын көрсетіп отыр, осындай спорт түрлерімен айналысатындар саны 2015 жылы 6-дан 9% дейін өсті», - деп мәлімдеді ол еліміздегі бұқаралық спортты дамыту мәселелері талқыланған Мәжілістегі Үкімет сағаты барысында.
Министрдің мәліметінше, бүгінде республикада ұлттық спорт түрлері бойынша 7 мамандандырылған спорт клубы, сондай-ақ еліміздің 8 өңірінде 9 спорт мектебі жұмыс жасайды. Сондай-ақ, оның айтуынша, Қостанай облысында ұлттық спорт түрлері бойынша мамандандырылған клубтың ашылуы жоспарланған.
Сонымен қатар, А.Мұхамедиұлы Қазақстанда спортпен айналысатын мүгедектер саны артқанын мәлімдеді.
«Бұқаралық спорттың маңызды факторларының бірі мүмкіндігі шектеулі жандардың дене шынықтыруға және спортпен айналысуға тарту болып табылады. 2009 жылмен салыстырғанда олардың саны 2 еседен аса артып, 25 мыңнан астам адам немесе спортпен айналысатын мүгедектердің жалпы санынан 9,7 % құрады», - деді ол.