ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТАЕКВОНДОШЫ АЙНҰР ЕСБЕРГЕНОВА ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Манилада (Филиппин) таеквондодан өтіп жатқан Азиялық лицензиялық турнирде жерлесіміз Айнұр Есбергенова финалға шығып, бірден Олимпиада ойындарына жолдама алды. Нөмірі 1 олимпиадалық резерв мектебінде тәлім алатын спортшының жаттықтырушысы Николай Курноскин. Енді Айнұр финалда Тайпей спортшысымен 1-орынға бағын сынайды. Жерлесімізге сәттілік. Айта кетейік, бұл облысымызда Олимпиада ойындарына 5-ші жолдама алған спортшымыз.