ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҚОС ШАХМАТШЫ ҰЛАН – БАТОРДА ӨТКЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 1 АЛТЫН, 2 КҮМІС ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ
6-14 сәуір аралығында Ұлан-Батор қаласында (Моңғолия) шахматтан жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында жерлестеріміз жүлделі орындарды иеленді.
12 жасқа дейінгі қыздар арасында бақ сынаған Назерке Нұрғали рапидтен 7 тур бойынша 6,5 ұпай жинап, Азия чемпионы атанса, классикадан 9 турдан 7,5 ұпаймен күміс жүлдені иеленді. 14 жасқа дейінгі қыздар арасында Әсел Серікбай блицтен 7 тур бойынша 5,5 ұпай жинап, 2-орынды иеленді.
Айта кетейік, Қазақстаннан қатысқан 11 спортшының ішінде 3-уі жүлделі орындарды иеленсе,соның екеуі біздің облыстың шахматшылары.
Жарысқа 19 мемлекеттен 470 спортшы қатысты.
Енді Әсел Серікбай қыркүйек айында Ханты-Мансийск қаласында (Ресей), Назерке Нұрғали қазан айында Батуми қаласында (Грузия) болатын Әлем чемпионатына қатысады.
Жерлестерімізге сәттілік тілейміз!