ТИМУР ҚҰЛЫБАЕВ АЗИЯ ОЛИМПИАДАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Азия Олимпиадалық кеңесінің вице-президенті лауазымына тағайындалды (АОК). Бұл туралы ҚР ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.
Оның кандидатурасын ұйымның президенті шейх Ахмад Әл-Фахад Әл-Сабах, Азия Олимпиадалық кеңесінің Атқарушы комитетінің мүшелері бірауыздан бекітті.
«Орталық Азия аймағы - Олимпиада қозғалысын дамыту, халықаралық спорт жарыстарын өткізу бағытында ерекше аса маңызға ие. Еліміздің мүддесіне Азия Олимпиададық кеңесінде өкілдік ету мен үшін абырой. Бұл Қазақстанның еңбегін халықаралық спорт қауымдастығының бағалауы және сенім білдіруі. Ол қазақстандық мен Азия елдері спорт ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты бұдан ары қарай нығайта түседі», - деп атап өтті Тимур Құлыбаев.
Азияның Олимпиадалық кеңесі - Халықаралық Олимпиада Комитеті таныған бес ұлттық олимпиадалық комитеттердің құрлықтық қауымдастығының бірі. Азия елдеріндегі Олимпиада қозғалысын басқарушы орган қазіргі уақытта 45 мемлекеттің басын қосады.
Ұйым АОК мүше елдерінің Олимпиада қозғалыстарын басқарады және үйлестіреді. Тұрақты түрде қысқы және жазғы Азия ойындарын өткізеді.