РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ВЕЛОЖАРЫСТЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Қызылордада ҚазКСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ли Валентин Захаровичті еске алуға арналған ұлдар мен қыздар арасында республикалық веложарыс аяқталды. Алғашқы мәрте ұйымдастырылған жарысқа Алматы қаласы, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 9 команда бақ сынасты.
Екі күнге созылған жарыс нәтижесінде 5 шақырымдық жекелей жарыста қыздар арасында қызылордалық велошабандоздар жақсы өнер көрсетті. Атап айтсақ, Аружан Ғалымжан 10 мин.44 сек. бірінші болып келсе, Әсем Телемісова күміс жүлдені, Меруерт Амандық қола жүлдені еншіледі. 15 шақырымдық жекелей жарыста ұлдар арасында Алматы қаласының спортшылары Илья Мантуров жеңіс тұғырына көтерілсе, Артем Сильченко 2-орынды, қызылордалық Дамир Амантай 3-орынды иеленді. 6 айналым критериум жарысында қыздар арасында қызылордалық спортшылар өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді. 1-орынға Аружан Ғалымжан, 2-орынға Анастасия Иванова, 3-орынға Меруерт Амандық ие болды. Ал 12 айналым критериум сайысында ұлдар арасында алматылық Илья Мантуров жеңімпаз атанса, қалған орындарды батысқазақстандық Берік Жұмәлиев пен алматылық Максим Попугаев иеленді.