«ҰШАТЫН» ТАБАҚШАЛАРДЫ АТУДАН ЖАРЫСТЫ
Кызылордада Юрий Гагаринннің ғарышқа ұшуына 55 жыл толуына орай стенд атудан облыстық жарыс өтті.
Кызылорда мен Байқоңыр қалаларынан қатысқан спортшылар жеке және топтық жүйе бойынша бақ сынасты. Айта кетейік, стендтік ату жарысының басты шарттары бойынша ашық алаңда, тегіс ұңғылы қарумен бытыралы зарядтармен арнайы нысана-табақшаларды ату керек. Бірнеше бытыра тиісімен-ақ табақшалар сынады. Нысананы арнайы машина ауаға лақтырып тұрады.
Облыстың аға жаттықтырушысы Алексей Колгиннің айтуынша, Байқоңырдан келген атқыштар жақсы өнер көрсетті. Жеке сында бірінші орынды бұрынғы офицер Алексей Бобрышев жеңіп алды. Келесі орындар қызылордалық Қанат Қизатов пен Владимир Кимге бұйырды.
Командалық есепте де құрамында Руслан Амиров, Сергей Грибков және Алексея Бобрышев секілді спортшылары бар ғарыш айлағынан келген қонақтар жеңіске жетті. Екінші орын Қызылорда облысы командасына бұйырды. Топ құрамында ағайынды Қанат және Талғата Қизатовтар, Владимир Ким бар. Қола жүлдені Байқоңыр қаласының екінші командасы - Роман Цикин, Владимир Коновалов пен Дмитрий Петровтар жеңіп алды.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі мен турнир жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар осы жарыстың өз деңгейінде өтуіне атсалысқан «Нано протекшн» компаниясына ризашылығын жеткізді.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА