ОТБАСЫ КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ СПОРТТЫҚ ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінде Отбасы күні мерекесіне орай спорттық шара өткізілді. Оған қала өрт сөндіру бөлімдері қызметкерлерінің отбасылары қатысты, - деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.
Мақсаты мекеме қызметкерлерінің белсенділігін арттырып, отбасы татулығын, салауатты өмір салтын насихаттау. 3 кезеңнен ұйымдастырылған сайыста, отбасы мүшелері сергектік танытты. Жылдамдық пен біліктіліктерінің нәтижесінде сынақтардан қиналмай өткен №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы 1-орынды қанжығаларына байлады. 2-орынды №8 ӨСБ командасы, ал 3-орынды №12 ӨСБ командасы иеленді. Жеңімпаздар мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Фариза ОМАРОВА