БИЫЛҒЫ БІРІНШІ ЛИГАҒА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЕКІ КОМАНДА ҚОСТЫ
«Қайсардан» бөлек, тек жергілікті футболшылардан құралған «Байқоңыр» да ел біріншілігінде сынға түсуде. «Байқоңырдың» басқалардан ерекшелігі де сол, бұл ұжымда дарынды балалар өнер көрсетеді.
«Хабар» телеарнасының тілшісі хабарлағандай, команда алғашқы турда «Қызылжарды» қабылдап, 0:2 есебімен ұтылып қалды. Алайда, алаң иелері тәжірибелі қарсыласына жеңісті оңайлықпен берген жоқ.
«Болашақ жігіттерден мықты-мықты, үздік-үздік өзіміздің азаматтардан футболшылар шығады деп үміттенеміз. Себебі жігіттердің барлығы аудандардың балалары», - дейді Қызылорда қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Асылжан Жаманқұл.