ҚЫЗЫЛОРДАДА ВЕЛОСПОРТТАН ЖАСТАР АРАСЫНДА ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
15 сәуірде Қызылорда қаласында велоспорттан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталады.
Облысымызда 2-ші мәрте ұйымдастырылатын жарысқа Астана, Алматы қалаларынан және еліміздің 11 облысынан 100-ден аса велошабандоздар қатысады. Спортшылар 25 шақырымға жеке жарыста, 100 және 130 шақырымға созылатын топтық, 70 шақырымдық айналма және 100 шақырымдық топтық айналма жарыстарда күштерін сынайды.
Жарыстың салтанатты ашылуы – 15 сәуір күні сағат 16.00-де орталық стадионда, жарыс бағдарлама бойынша күн сайын сағат 10.30-да болады. Қазақстан чемпионаты 20 сәуірге дейін жалғасады.