ҚАРЖЫГЕР КАМАЛ ШӨКЕНОВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ШАҒЫН ФУТБОЛ АЯҚТАЛДЫ
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті ҚР еңбек сіңірген экономисі, қаржыгер Камал Шөкеновті еске алуға арналған шағын футболдан облыстық турнирде І орын иеленді.
Жарысқа қаржы мекемелерінен 12 команда қатысқан болатын. Нәтижесінде қалған екі орынды Ұлттық банк Қызылорда филиалы мен облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының командалары бөлісті. «Үздік қақпашы» номинациясымен Ақмейір Ашухан (Жалағаш), «Үздік қорғаушы» - Нұрсұлтан Сұлтанбеков (экономика басқармасы), «Үздік ойыншы» - Мақсат Әбдікамалов (мемлекеттік кірістер департаменті) марапатталды.
Жеңімпаз және жүлдегер командалар мен үздік ойын көрсеткен спортшыларға диплом, кубок және бағалы сыйлықтар табысталды.