ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚЫСҚА БАҒДАРЛАМАСЫНДА ЭЛИЗАБЕТ – 12-ОРЫНДА
16 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева американдық Бостон қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатының қысқа бағдарламасының қорытындысымен 12-орынға табан тіреді. Спортшы 61,63 ұпай иеленді, - деп жазады спорт.кз.
Бірінші орынға американдық Грейси Голд (76,43) тұрақтаса, екінші орын ресейлік Анна Погорилая (73,98), үшінші орын оның жерлесі Анна Евгения Медведеваға (73,76) бұйырды. Еркін бағдарлама 3 сәуірде Астана уақытымен таңғы сағат 4.50-де KazSport телеарнасында көрсетіледі.
Естеріңізге салайық, қысқа бағдарламада 12-орынды сондай-ақ Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен иеленді.
Еркін бағдарламада өнер көрсету үшін жеткілікті ұпайға биші жұптар Дарын Жүнісов пен Анастасия Хромова қол жеткізе алмады.