ҚАЗАҚСТАН НАМЫСЫН ДЕНИС ТЕН, ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВА СЫНДЫ СПОРТШЫЛАР ҚОРҒАЙДЫ
28 наурыз күні Американың Бостон қаласында басталған мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында Қазақстан үш категорияда өнер көрсетеді: ерлердің мәнерлеп сырғанауы, әйелдердің мәнерлеп сырғанауы және мұздағы би.
Алғашқы екі күн спортшылардың дайындығына арналған. Жарыс 30 наурыз күні бишілердің мұздағы қысқа бағдарламасынан басталады. Қазақстанның намысын 24 жастағы Дарын Жүнісов пен 18 жастағы Анастасия Хромова қорғайды. Жарысты тікелей эфир арқылы Астана уақыты бойынша сағат 20:35-те KazSport телеарнасы көрсетеді.
31 наурыз күні сағат таңғы 4:05-те ерлер арасында қысқа бағдарлама жарыстары өтеді, мұзға Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен шығады. Сол күні сағат 22:00-де әйелдер арасындағы жарыстар басталып, онда Қазақстанның намысын 16 жасар Элизабет Тұрсынбаева қорғамақ.