ГИМНАСТШЫЛАР СПОРТ ШЕБЕРІНЕ ҮМІТКЕР БОЛДЫ
Қызылордада көркем гимнастикадан «Сыр жұлдыздары» облыстық ашық чемпионаты мәресіне жетті.
Үшінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Алматы қаласы, Атырау, Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 13 команда, 300-дей спортшы қатысты. Онда жеке және топтық жаттығу бағдарламалары бойынша 2003-2011 жылдары туылған гимнастшы қыздар өнер көрсетті.
Чемпионатта 2003-2004 жылдары туылған гимнастшылар арасында I, II орын иеленген спортшылар спорт шеберіне үміткер нормативін орындады. Олар – Ақмарал Досыбаева (Шымкент), Айжан Қуандықова (Қызылорда), Сабина Кикимова (Алматы), Дана Садықова (Қызылорда), Аружан Құрмантай (Қызылорда), Елизавета Домнина (Алматы).
Жарыста 1-6 орынды иеленген гимнастшылар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық көркем гимнастика федерациясы және ата-аналар комитеті дайындаған диплом, медаль, бағалы сыйлықтармен марапатталды.