«ҮЛКЕН ЕЛ – ҮЛКЕН ОТБАСЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАНҰЯЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
26 наурыз күні «Мұз айдыны» СК ойын залында ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Үлкен ел – үлкен отбасы» атты облыстық жанұялық жарыс өткізілді. Аталмыш сайысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан 8 отбасы, 24 спортшы қатысты.
Жанұялық жарыс жылына екі рет 3 кезеңнен өтеді. Біріншісі ауылдық кезең – қаңтар айында өткізілсе, екіншісі аудандық және қалалық кезеңдер - ақпан айында ұйымдастырылып, осы 2 кезеңге 326 отбасы, 978 адам қатысты. Ал үшінші кезеңі облыстық жарысқа 2 кезең бойынша 8 отбасы іріктеліп, үздіктер анықталды.
Нәтижесінде 1-орынды Абылбековтер отбасы (Жаңақорған ауданы) иеленді. 2-орынды Маратовтар отбасы (Сырдария ауданы) алса, 3-орын Азмахановтар отбасына (Жалағаш ауданы) бұйырды.
Енді жарыстың екінші маусымы үстіміздегі жылдың қыркүйек айында өткізіледі.