ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ТӘНТІ ЕТТІ
Қызылорда қаласының орталық алаңында қазақ күресінен 74 келіге дейінгі және одан жоғары салмақ дәрежелерінде облыстық жарыс өтті.
Жарысқа спортшылармен қатар облыстық ІІД қызметкерлері қатысты. 74 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде І орынды әскери самбодан әлем біріншілігінің қола жүлдегері, полиция капитаны Қайрат Жалғасбаев иеленсе, қарсыласына сәл ғана есе жіберіп алған дзюдодан Азия чемпионы, полиция лейтенанты Ержан Абдуллаев ІІ орынға тұрақтады.
Ал 74 кг-нан жоғары салмақ дәрежесінде әлем біріншілігінің қола жүлдегері, полиция лейтенанты Алмат Тойбағаров әріптесінен басым түсіп, жарыс жеңімпазы атанды. Полиция аға лейтенанты Бижанов Диас ІІ орын алды.
Департамент намысын абыроймен қорғаған полиция қызметкерлері облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломымен және ақшалай сыйлығымен марапатталды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі